Аңдатпа
Мақала цифрландыру жағадайында экономиканы дамытудағы адами капиталдың рөліне арналған. Авторлар Оңтүстік Корея, Сингапур, Финляндия, АҚШ, Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан сияқты елдердің мысалында адами капиталды дамытудың негізгі тәсілдерін қарастырды. Жұмыста білім беруге, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге (ҒЗТКЖ) инвестициялар, цифрлық сауаттылық және АТ секторындағы жұмыспен қамтуға жұмсалған шығындар талданады. Халықаралық тәжірибеде осы тәсілдерді іске асырудың негізгі нәтижелері атап көрсетілді және Қазақстан үшін ұсыныстар ұсынылды. Жұмыста цифрлық дәуірдегі адами капиталдың рөлін анықтайтын негізгі бағыттар қарастырылады: білім беру мен кәсіптік даярлыққа инвестициялар, цифрлық сауаттылық дағдыларын дамыту, үздіксіз оқыту және қайта даярлау, денсаулық сақтау экономикалық өнімділік факторы ретінде. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, адами капиталды дамытуға жүйелі көзқарас бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тұрақты экономикалық өсуге ықпал етеді. Адами капиталды дамыту бойынша шет елдердің тәжірибесін талдау қазақстандық шындыққа бейімделуі мүмкін ең тиімді стратегияларды анықтауға мүмкіндік береді.