Мақаланы жіберу бойынша нұсқаулар
 

Жариялауға журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келетін түпнұсқа, бұрын жарияланбаған мақалалар қабылданады. Барлық мақалалар  плагиатқа тексеруден «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесінде және қос соқыр шолудан өтеді. Жарияланған мақаланы басқа ғылыми журналдарда орналастыру фактісі анықталған жағдайда, мақала ретракция рәсіміне жатады.

 

  1. Материалдарды жіберу үшін тіркелу (жеке кабинет құру) қажет;
    • Пайдаланушының деректерін толтыру:
  • аты-жөнін толтыру;
  • «ұйым» жолында жұмыс орнын тіркеу;
  • ашылмалы тізімнен елді таңдау;
  • e-mail толтыру (электрондық пошта мекенжайы);
  • пайдаланушы аты (кіші латын әріптермен);
  • құпия сөзді орнату және оны қайталау немесе кездейсоқ құпия сөз қалыптастыру,
    • Деректерді жинауға және сақтауға келісім беру, қосымша беттерге белгі қою:
  • Ия, мен құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес деректерімді жинауға және сақтауға келісім беремін;
  • Ия, мен жаңа жарияланымдар мен хабарландырулар туралы хабарлама алғым келеді (қажет болған жағдайда).
    • Ашылмалы тізімдегі пайдаланушы рөлдерін таңдау:
    • Оқырман
    • Автор
    • Рецензензиялаушы
    • Соңында «Тіркеу» батырмасын басу.

 

  1. Жеке кабинетте «Жіберілген материалдар» қосымша бетін ашып, «Жаңа материал» арқылы «Мақаланы жіберу» мәзіріне кіру.
    • «Бастау» кезеңі:
  • материалдың тілін таңдау (мақала тілі);
  • ашылмалы тізімнен бөлімді таңдау;
  • жіберілетін материалға қойылатын талаптардың барлық тармақтарына белгі қою;
  • редакторға арналған түсініктемелерді толтыру (қажет болған жағдайда);
  • авторлық құқықтарды беру шарттарын қабылдау пункттеріне белгі қою;
  • сақтау және жұмысты жалғастыру.
    • «Материалды жүктеу» кезеңі:
  • мақала компонентін таңдау (плагиатқа қарсы мақала), файлды Word форматында жүктеу;
  • мақала компонентін таңдау (рецензиялауға арналған мақала), файлды Word форматында жүктеу (автор (лар) дың аты-жөнінсіз және аффилиациясыз) және жұмысты жалғастыру;
  • тақырыпты редакциялау (қажет болған жағдайда) және жұмысты жалғастыру;
  • басқа файлды қосу немесе жүктеуді аяқтау, бұдан әрі сақтау және жұмысты жалғастыру.
    • «Метадеректерді енгізу» кезеңі:
  • тақырыпты үш тілде толтыру;
  • аннотацияларды үш тілде толтыру;
  • «Қолдаушыны қосу» опциясы арқылы бірлескен авторларды (бар болса) қосу (ТАӘ, контактілер, елі, автордың рөлі, байланысушы тұлға және т. б.);
  • түйін сөздерді үш тілде толтыру, сақтау және жұмысты жалғастыру.
    • «Растау» кезеңі:
  • жіберуді аяқтау және алдыңғы кезеңдерді растау немесе болдырмау және редакциялау.
    • «Материалды жіберу аяқталды» кезеңі:
  • электрондық пошта арқылы хабарлама алу, материалды қарау, жаңа материал жасау немесе жеке кабинетке оралу.

 

Редакциялық алқаның Сіздің мақалаңыз бойынша барлық әрекеттері туралы авторлар хабарламалар арқылы хабарландырылады. Сондай-ақ, авторлар кезеңдерді жеке кабинеттен қадағалап, жұмыс процесіне қатысушылармен хат жазыса алады.

Редакциялық алқаның ұсыныстарын уақтылы орындау және белгіленген талаптар мен мерзімдерді сақтау қажет.