PDF (En)

Кілтті сөздер

мемлекеттік бағдарлама
қаржыландыру
ұлттық жоба
іске асыру
талдау
білім беру
қаражаттың игерілуі

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абдикаримова A., Салихов M., & Буртебаева A. (2023). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ТИІМДІЛІКТІ ТАЛДАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 59(2), 35–42. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-35-42

Аңдатпа

Бүгінгі таңда ғылым мен білімнің дамуына үлкен көңіл бөлінуде, өйткені ақпарат пен білім прогрестің негізгі қозғаушы күші болып табылады.

Бұл зерттеу мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттарын қаржыландыру мен іске асыруды талдауға бағытталған:Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Білімді ұлт «сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

Талдау нәтижесінде «Білімді ұлт» сапалы білім» Ұлттық жобасының екі жылында оның нақты жылдық қаржыландыруы 2016-2020 жылдар аралығындағы барлық кезеңдегі әрбір жылдағыдан аз екені анықталды. Бірақ, жалпы «Білімді ұлт «сапалы білім беру» ұлттық жоба бойынша орындалған көрсеткіштерлердің  мен іс-шаралардың үлесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асырудың бірінші жылындағыдан жоғары.

Ақпараттық жүйе түрінде «Білімді ұлт «сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі бөлімдерін іске асырудың тұсаукесері бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-35-42
PDF (En)