PDF

Кілтті сөздер

көпқабатты жылыжай
азық-түлік қауіпсіздігі
вертикальды ферма
эко-ферма
микроклимат

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сайымова, М., Бабажанова, Ж. ., & Жамбылова, Г. . (2023). ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АЯСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ – ЖЫЛЫЖАЙ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ШЕШУДІҢ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 59(2), 71–81. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-71-81

Аңдатпа

Кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды және өзекті мәселелердің бірі-азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Мамандардың болжамынша, алдағы 30-40 жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемде бірінші орынға шығады, өйткені табиғи ресурстар қоры азая бастайды және азық-түлік әлемдік саясаттың жетекші факторына айналады.

Жобаның мақсаты-елдегі жылыжай кешендеріне толыққанды зерттеу жүргізу, климатқа байланысты аймақтарды жіктеу және осы жерлерде жылыжай кешендерінің дамыған модельдерін салу. Қазіргі уақытта көп қабатты жылыжай кешендері бар, олар аз орын алады, өнімділігі жоғары. Сонымен қатар, модель Америка Құрама Штаттары мен Швецияда әзірленуде және Қазақстанға осы жылыжайдың жаңа үлгісін сатып алу күтілуде.

Дегенмен, Қазақстан сияқты дамушы ел үшін ірі жобаны жүзеге асыру үлкен тәуекелділікті талап етеді.

Зерттеу әдістері. Мақалада ғылыми әдіснамалық тәсіл негізінде ғылыми зерттеу, жүйелеу, жалпылау, статистикалық талдау әдістері белсенді қолданылды. Зерттеу барысында жобаның құнын есептеу автор ұсынған қаржылық талдауда келтірілген. Цифрландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері де қозғалады.

Нәтижелер. Қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық ауқымдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, азық-түлік қауіпсіздігі, біріншіден, бүкіл қоғамның өмірін қамтамасыз етеді; екіншіден, елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік бағыттардағы күшін анықтайды.

Қорытындылар. Мақалада цифрлық технологияларды енгізумен азық-түлік тапшылығын шешудің бір жолы ретінде көп қабатты жылыжай технологиясы зерттеледі.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-71-81
PDF