Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік басқару жүйесінде мүдделер қақтығысының алдын алу тетігі ретінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін дамыту мәселесі талданады. Мүдделер қақтығысы тек құқықтық мәселе ретінде ғана емес, сонымен қатар нормативтік реттеумен қатар кәсіби пайым мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды талап ететін басқарушылық тәуекел ретінде қарастырылады.
Зерттеу концептуалдық-талдамалық сипатта жүргізіліп, жаһандық және мамандандырылған халықаралық акторлар қолданатын көпдеңгейлі оқыту тәсілдерін сапалық талдауға негізделген. Мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жария адалдықтың нормативтік және тұжырымдамалық стандарттарының көзі ретінде, сондай-ақ Transparency International, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия және Еуропалық комиссияның Anti-Fraud Knowledge Centre құрылымы осы стандарттардың білім беру форматтары мен құзыреттерді дамыту құралдары арқылы практикалық іске асырылуын көрсететін акторлар ретінде қарастырылады.
Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесімен байланыста талданады. Зерттеу ұлттық контексте мүдделер қақтығысы бойынша оқытуды институционалдық тұрғыдан енгізудің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, оны одан әрі дамыту бағыттарын көрсетуге негіз болады.
