Аңдатпа
Мақалада мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттары және басқа да жоспарлау құжаттары олардың Қазақстан Республикасының декарбонизация мақсаттарымен байланысына қатысты қарастырылған. Мақала мақсатына қол жеткізу үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мәтіндерін сапалы мазмұнды талдау және аналитикалық салыстыру әдістері, сондай-ақ сандық деректерді динамикалық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Жоғары деңгейдегі құжаттар, салааралық және салалық тұжырымдамалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары декарбонизацияға қатысты тікелей немесе жанама шаралардың, саясаттардың немесе көрсеткіштердің бар болуына байланысты зерделенді. Талдау нәтижелері жоғары деңгейдегі құжаттар төменгі құжаттарда парниктік газдар шығарындыларын азайту саясатын одан әрі егжей-тегжейлі көрсету үшін қажетті стратегиялық негізді қамтамасыз ететінін көрсетеді. Дегенмен, кейбір салалық құжаттар декарбонизация мақсаттарына дәйекті сілтеме бермейді. Көрсеткіштердің тікелей декомпозициясы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің даму жоспарында көрсетілген. Жанама көрсеткіштер энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі салаларында қарастырылған. Талдау негізінде матрицалар түрінде тура және жанама көрсеткіштердің декомпозициялық архитектурасы жасалды. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған құжаттарда салааралық үйлестіруді күшейту және декарбонизация көрсеткіштері мен құралдарын егжей-тегжейлі көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарылды.
