PDF

Кілтті сөздер

моноқала, су тасқыны, табиғи апаттар, инфрақұрылым, тұрақтылық, бейімделу.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жиенбаев , Ұ., Дулат, М., & Филимонов , В. (2026). Қазақстан моноқалаларының су тасқынына қарсы инфрақұрылымдық тұрақтылығы: Құлсары-Риддер қалаларының салыстырмалы талдауы. Мемлекеттік Аудит, 71(2). https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-71-2-33-42

Аңдатпа

Климаттың өзгеруі жағдайында гидрологиялық экстремальды құбылыстардың, соның ішінде су тасқынының жиілігі мен қарқындылығы артты. Қазір әлеуметтік-экономикалық құрылымы шектеулі моноқалалар үшін тәуекел деңгейі күшейе түсуде. Мұндай қалалар инженерлік инфрақұрылымның тозуымен, экономиканың бірсалалылығымен және басқарушылық ресурстардың шектеулілігімен ерекшеленеді. Осы зерттеудің мақсаты - су тасқыны жағдайында Қазақстан моноқалаларының инфрақұрылымдық тұрақтылығын көпфакторлы индикаторлар негізінде кешенді бағалау. Зерттеу барысында су тасқынына қарсы инфрақұрылымдық тұрақтылықты сандық түрде өлшеуге мүмкіндік беретін Flood Infrastructure Resilience Index (FIRI) индексы ұсынылып, апробациядан өткізілді. Индекс төрт негізгі компоненттен тұрады: инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, апатқа дейінгі алдын алу және дайындық деңгейі, төтенше жағдай кезіндегі басқарушылық әрекеттердің тиімділігі және су тасқынының әлеуметтік-экономикалық салдары. Эмпирикалық дереккөз ретінде 2023–2024 жылдары Құлсары және Риддер моноқалаларында орын алған су тасқыны оқиғалары пайдаланылды. Зерттеуде көрсеткіштерді нормализациялау, салыстырмалы, факторлық және сезімталдық талдау әдістері қолданылды. Есептеу нәтижелері қалалар арасында инфрақұрылымдық тұрақтылық деңгейінің айқын айырмашылығын көрсетті: Құлсары қаласының FIRI мәні 0,31 болса, Риддер қаласында бұл көрсеткіш 0,69-ды құрады. Талдау нәтижелері су тасқыны салдарын азайтудың шешуші факторлары ретінде инженерлік әлеуеттен гөрі алдын алу шараларының жүйелілігі мен басқарушылық үйлесімділікті алдыңғы орынға шығарды. Жалпы айырмашылықтың 64%-дан астамы дайындық пен басқару компоненттерінің үлесіне тиесілі. Алынған нәтижелер моноқалаларда су тасқыны тәуекелдерін басқаруда профилактикалық, деректерге негізделген тәсілдердің басымдығын дәлелдейді. Климаттық өзгерістерге бейімделу стратегияларын әзірлеуге ғылыми негіз бола алады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-71-2-33-42
PDF