Аңдатпа
Мақалада жаһандану үрдісінің белең алуы мен кейінгі уақытта әсіре күшейген геоэкономикалық сын-қатерлер жағдайында орын алып отырған халықаралық сауда жүйесіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің соңғы жылдары ерекше маңызды сипатқа ие болып жатырған рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, аграрлық сауданың қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жүргізіліп, дамушы елдердің экспорттық белсенділігінің өсуін, тарифтік емес кедергілердің маңыздылығының артуын және жаһандық жеткізу тізбектерінің құрылымының өзгеруін қоса алғанда, негізгі үрдістер анықталады. Халықаралық экономикалық институттардың статистикалық деректері мен теориялық модельдеріне сүйене отырып, агроөнеркәсіптік секторды жаһандық нарықтың өзгермелі жағдайларына бейімдеу бойынша ұсыныстар тұжырымдалып, климаттық және саяси факторлардың аграрлық сауданың тұрақтылығына әсеріне ерекше назар аударылады. Осы мақаланың негізгі мақсаттарының бірі – халықаралық сауда контекстінде агроөнеркәсіптік сектордың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына кешенді талдау жүргізу, негізгі үрдістер мен проблемаларды анықтау, сондай-ақ жаһандық нарықта саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсынымдар дайындау. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі демографиялық өсімнің жоғары көрсеткіші қарсаңында шектеулі экономикалық игіліктерді дұрыс пайдалану мен олардың өсімін қамтамасыз ету жолында маңызды мәліметтерге қол жеткізуге және сол мәліметтердің арқасында оң шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.