PDF

Кілтті сөздер

мемлекет
аймақ
мемлекеттік-жекешелік әріптестік
басқару
жоба

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абдуллина, Г., Абдуллина, Б., & Болтаева, А. (2022). АЙМАҚТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ДАМУЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 56(3), 58–65. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-56-3-58-65

Аңдатпа

Мақала аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму бағыттарын зерттеуге арналған. Заманауи жағдайда көптеген елдер мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ұлттық тұжырымдамасын іске асыру қажеттілігіне жүгінуде, бұл тұрғыда ол әлемдік дағдарыс жағдайында ел экономикасының тиімділігін арттырудың маңызды құралдарының бірі екендігін айғақтап отыр. Технологиялық және әлеуметтік прогреске байланысты экономикалық процестердің күрделене түсуі ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне жету үшін ресурстарды біріктіруді талап етеді, бұл тұрғыда  МЖӘ икемді үлгі ретінде халықтың әл-ауқаты мен өмірін сақтау сияқты маңызды міндеттерді шешуде өте маңызды. Қаржылық-экономикалық дағдарыс ауыртпалығы бар қазіргі заманғы жағдайларда МЖӘ-ні дамытуға байланысты мәселелердің күрделілігі ғылымның алдына болып жатқан жағдайды жаһандық теориялық-әдіснамалық ұғыну мәселесін қойып отыр. Зерттеу аясындағы жинақталған мәліметтер топтастырылып, мемлекеттік жекешелік әріптестік бойынша жобалардың орындалуына қандай жағдайлардың кедергі келтіретіндігі және олардың тиімді жүзеге асырылуы бойынша қандай шаралар маңызды екендігі жөніндегі ақпарат жүйелендірілді. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар тарапынан әзірленген нақты ұсыныстар ел экономикасы, соның ішінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық  дамуында маңызды механизм ретінде табылып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тиімді ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуына бағытталған.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-56-3-58-65
PDF