PDF (Ру)

Кілтті сөздер

денсаулық сақтау
қаржыландыру
МӘМС
ЖІӨ
бюджет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сағитұлы, Ғ., & Мусатаева, А. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ . «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 65(4), 129–140. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-129-140

Аңдатпа

Мақалада соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау шығындарының құрылымына талдау жүргізіліп, МӘМС жүйесін енгізумен елдің бір тұрғынына қатысты шығыстардың айтарлықтай артқаны көрсетілді.

Сондай-ақ, елдер бөлінісінде «ЖІӨ-ден денсаулық сақтау шығыстары» көрсеткішіне жасалған талдау арқылы Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінен әлдеқайда артта қалғаны көрсетіледі.  

Авторлармен «А, B, С, D, Е» санатындағы сақтандырылмаған адамдардың әлеуметтік портретіне талдау жасалып, D, Е санатындағы азаматтар үлесінің 27%-ды құрайтыны анықталды. Осы санаттағы азаматтарға жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруы есебінен жарналарды төлеу МӘМС-пен халықты 87%-ға дейін қамти отырып, жергілікті бюджетке қосымша салмақ түсіретіні анықталды.

Авторлармен жасалған актуарлық есептеулер негізінде Қазақстанның тек 2033 жылға қарай ғана денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бойынша ЖІӨ-нің 5%-на (жоспар бойынша 2027 жылға қарай қол жету жоспарланған) қол жеткізуге болатыны болжамдалып, бұл медициналық қызметтерді қаржыландыруды, инфрақұрылымды жаңартуды және медициналық көмектің сапасын арттыруды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.

Мақалада авторлар мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың қосымша көздерін ұлғайту бойынша шаралар негізделіп, ұсынылды

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-129-140
PDF (Ру)