PDF (Ру)

Кілтті сөздер

Банк
цифрлық ипотека
банкинг
онлайн-ипотека
цифрландыру
диджитализация
бенчмаркинг
қаржылық технологиялар
блокчейн
андеррайтинг

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тажбенова, Г., & Мажитова, Б. (2022). ӘЛЕМДІК ПРАКТИКАДА ЦИФРЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ КРЕДИТТЕУДІ ДАМЫТУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 55(2), 37–45. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-55-2-37-45

Аңдатпа

Әлемде цифрлық ипотеканың белсенді дамуы экономиканың нақты секторының дамуына оң әсер етеді, өйткені жиынтық өндірістің серпінді өсуі үшін жиынтық кірістен түскен жинақтардың бір бөлігі елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында өндірісті дамытуға инвестициялар арқылы бағытталуы қажет. Айта кету керек, цифрлық ипотекалық несие берудің өзектілігі оны пайдалану жылжымайтын мүліктің жоғары бағасы мен халықтың ағымдағы төлем қабілеттілігі арасындағы, сондай-ақ экономикалық субъектілердің бір тобындағы ақша жинақтары мен оларды басқа топта пайдалану қажеттілігі арасындағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретіндігіне байланысты. Несиелік ұйымдар арасындағы бәсекелестіктің қатал қарқыны қызметтердің кең спектрін, клиентпен өзара әрекеттесудің жаңа формаларын және жаңа инновациялық өнімдерді қалыптастыруға қуатты серпін болып табылады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-55-2-37-45
PDF (Ру)