PDF (Ру)

Кілтті сөздер

Азық-түлік
мал шаруашылығы
өнім
ет өнеркәсібі
импортты алмастыру
экспорт
импорт

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Насырова, А., Рыспекова, М., Бекбусинова, Г., & Рыскулова, Ж. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕТ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 62(1), 144–156. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-144-156

Аңдатпа

Қазіргі уақытта сапалы азық-түлік үлкен маңызға ие, оның құрамына ет өнімдері кіреді. Импортты алмастыру жағдайында ет өнімдерін өндіру отандық мал шаруашылығының жағдайы мен дамуына және оны қайта өңдеуге байланысты, әсіресе ет өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі жағдайында өте маңызды. Ет өнімдері мемлекеттік стратегиялық қордың бөлігі болып табылады және оның дамуы елдің азық-түлік және ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. Ет пен ет өнімдерінің маңыздылығын ескере отырып, оның тұрақты өсуі және ет өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің артуы мемлекеттің азық- түлік саясатының басымдығында болуы керек. Мақала Қазақстанның ет саласының қазіргі жай-күйін, ет өнімдерінің экспортын, импортын, сыртқы сауда айналымын, сондай-ақ қолда бар ет өңдеу кәсіпорындарын және олардың өнім шығарудың орташа жылдық қуатын қарастырады. Мақаланың негізгі құрамдас бөлігі ет өнімдерінің жекелеген ассортименті бойынша Қазақстан Республикасында ет өнімдерінің импортты алмастыруын бағалау болып табылады. Бұдан басқа, мақалада мал шаруашылығы саласының, ет өңдеу кәсіпорындарының өткір проблемалары анықталды және импортты алмастыру жағдайында ет өнеркәсібін жетілдірудің мүмкін жолдары ұсынылды, Қазақстанның ет саласына әсер ететін факторларды болжаудың экономикалық-математикалық моделі әзірленді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-144-156
PDF (Ру)