PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік жоспарлау жүйесі
мемлекеттік басқару жүйесі
мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттары
мемлекеттік бағдарлама
саяси жоба

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сембиева, Л., & Аликулова, Л. (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІН КОНЦЕПТУАЛДЫҚ РЕФОРМАЦИЯЛАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 55(2), 13–27. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-55-2-13-27

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстанның маңызды процестерінің бірі, атап айтқанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің трансформациясы қарастырылады. COVID-19-ның таралуы, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық, шектеу және санкциялық шаралар барлық дерлік секторлардағы іскерлік белсенділіктің төмендеуімен бірге жаһандық экономикаға, оның ішінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етуде. Одан әрі даму траекториясында және экономикаға әсер ету деңгейінде белгісіздік жоғары дәрежеде. Сонымен қатар, Қазақстанда шешімдер қабылдау және стратегиялық жоспарлауды әзірлеу кезінде ескеру қажет болатын жаһандық үрдістердің жеделдетілуі және жаңа тенденциялардың пайда болуы байқалады.

Тиісінше, бұл іскерлік мәдениетті айтарлықтай арттыруды, жалпы кәсіпкерлік бастаманы арттыруды, Қазақстан экономикасының барлық салаларына – ауыл шаруашылығынан бастап, ғылымды көп қажет ететін және технологиялық жағынан күрделі салаларға дейін әртүрлі инновацияларды енгізуді талап етеді. Барлық қажетті экономикалық жақсартуларды тиімді үйлестіру үшін мемлекет тарапынан байыпты және терең ойластырылған ұлттық және аймақтық жобалар мен бағдарламалар қажет.

Мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесiн басқарудың жаңаша қалыптасуының негiзгi қағидасы адамға бағдарлану принципi болмақ.

Қазақстанның орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттары бағдарламалық құжаттарда республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен бөлінетін мемлекеттік қаражат негізінде айқындалады.

Бұл ретте бағдарламалық құжаттарды іске асыруға орталық мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да, квазимемлекеттік сектор субъектілері де тартылады. Демек, бағдарламалық құжаттарды іске асыру дәрежесі көп жағдайда барлық деңгейдегі мемлекеттік қаражатты пайдалану әсеріне байланысты. Мемлекеттік реттеу мақсаттарының кең ауқымын және оларға қол жеткізудің шектеулі ресурстарын ескере отырып, шешімдер қабылдау кезінде бірінші кезекте мемлекет қаражатын нақты қайтару және оларды мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес қатаң пайдалану мәселесі туындайды.

 

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-55-2-13-27
PDF (Ру)