PDF (Ру)

Кілтті сөздер

әлеуметтік кәсіпкерлік
мемлекеттік реттеу
тәуекелдер
мемлекеттік саясат
экономикалық тиімділік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ержанова, Ә., Аширбекова, Л., & Корпыса, Я. (2023). ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 16–25. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-16-25

Аңдатпа

Әлеуметтік кәсіпкерлік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, күрделі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешудің қуатты тәсілі ретінде танылды. Алайда, бұл қос миссия әлеуметтік кәсіпорындарды әртүрлі тәуекелдерге ұшыратады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті бизнес-қызметтің ерекше нысаны ретінде тек дамушы экономикалық құбылыс деп санауға болады. Еліміздің экономикасы әлеуметтік бағдарланған болса да, қазіргі уақытта әлеуметтік мәселелердің едәуір бөлігі назардан тыс қалуда. Аталған мәселені шешу үшін кәсіпкерлер арасында «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымының кең
ауқымды таралуы мен қолданысын кеңейтуді қажет етеді. Мақаланың мақсаты әлеуметтік тәуекелдерін анықтап, оны жеке және мемлекеттік деңгейде басқару мен реттеу жолдарын анықтау болып табылады. Бұл талдауда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тәуекелдері туралы түсінік алу үшін осы саланың жетекші сарапшылары жазған соңғы ғылыми жұмыстарға терең зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде әлеуметтік кәсіпорындардың алдында тұрған көп қырлы тәуекелдер туралы ақпарат жинақталды.
Мақалада, әлеуметтік кәсіпкерліктегі тәуекелдер деңгейі бойынша жіктеліп, оларды мемлекеттік басқару және реттеу жолдары ұсынылды. Мақала, тәуекелдерді және оларды төмендетудің қол жетімді стратегияларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және мақаланы оқыту курстарына, әлеуметтік кәсіпкерлерге ақпараттық құрал ретінде қолдануға болады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-16-25
PDF (Ру)