PDF (Ру)

Кілтті сөздер

шағын және орта кәсіпкерлік
экономика
Түркістан облысы
жалпы өңірлік өнім
сектор

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сыздықова, А., & Азретбергенова, Г. (2023). ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 158–169. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-158-169

Аңдатпа

Қазіргі кезде кәсіпкерлік барлық дамыған елдердің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ел экономикасындағы үлесі атап айтқанда, жалпы жұмыспен қамтудағы, қосылған құндағы, инвестициядағы, салықтардағы, экспорттағы және несиелердегі үлесі айтарлықтай деңгейге жеткені байқалады.
Әлем елдерінің қазіргі экономикаларына қарасақ, кәсіпорындардың 95-99% дерлік ШОК субъектілері
болып табылады. ШОК субъектілері жұмыспен қамтудың 40-80%-ын, жалпы ішкі өнімнің 30-70%-ын, инвестициялардың 30-60%-ын, экспорттың 10-40%-ын құрайды. Осы ерекшеліктерімен ШОК субъектілері экономикалық және әлеуметтік құрылымның негізін құрайды. Бұл мақаланың мақсаты Түркістан облысының экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін бағалау болып табылады. Мақалада ең алдымен шағын және орта бизнестің экономикалық мәнін ашып, оның
Түркістан облысының экономикасындағы рөлі (жалпы өңірлік өнімдегі, жұмыспен қамтудағы үлесі) анықталды. Зерттеу нәтижесінде Түркістан облысындағы шағын және орта бизнестің қызмет етуіндегі ерекшеліктері зерттеліп, талдау жасалды. Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау кезінде қажетті материалды тиімді іздеу, топтау, өңдеу және жалпылау үшін ақпарат жинау әдісі және ішінара абстракциялау әдісі қолданылды. Салыстырмалы әдісті қолдану арқылы экономикалық көрсеткіштердің динамикасын зерттеу себептік байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-158-169
PDF (Ру)