Журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келетін түпнұсқа, бұрын жарияланбаған мақалалар жариялауға қабылданады. Барлық мақалалар «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесінде плагиатқа тексеруден және қосарланған жасырын рецензиялаудан өтеді. Жарияланған мақаланың басқа ғылыми журналдарда орналастырылғаны анықталған жағдайда, мақалаға ретракция рәсімі қолданылады.
1. Материалдарды жіберу үшін тіркелу (жеке кабинет құру) қажет:
-
Пайдаланушы деректерін толтыру:
-
аты мен тегін көрсету;
-
«Ұйым» өрісінде жұмыс орнын көрсету;
-
ашылмалы тізімнен елді таңдау;
-
электрондық пошта мекенжайын (e-mail) енгізу;
-
пайдаланушы атын көрсету (латын әліпбиімен, кіші әріптермен);
-
құпиясөз орнату және оны қайталап енгізу немесе кездейсоқ құпиясөз жасау.
-
-
Деректерді жинауға және сақтауға келісім беру үшін тиісті бөлімдерге белгі қою:
-
Иә, мен Құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес деректерімді жинауға және сақтауға келісім беремін;
-
Иә, мен жаңа жарияланымдар мен хабарландырулар туралы хабарламалар алғым келеді (қажет болған жағдайда).
-
-
Ашылмалы тізімнен пайдаланушы рөлдерін таңдау:
-
Оқырман;
-
Автор;
-
Рецензент.
-
-
Соңында «Тіркелу» батырмасын басу.
2. Жеке кабинетте «Жіберілген материалдар» қойындысын ашып, «Жаңа материал» батырмасы арқылы «Мақаланы жіберу» мәзіріне өту қажет.
-
«Бастау» кезеңі:
-
материалдың тілін (мақала тілін) таңдау;
-
ашылмалы тізімнен бөлімді таңдау;
-
жіберілетін материалға қойылатын талаптардың барлық тармақтарына белгі қою;
-
редакторға арналған түсініктемелерді толтыру (қажет болған жағдайда);
-
авторлық құқықтарды беру шарттарын қабылдау тармақтарына белгі қою;
-
сақтап, жұмысты жалғастыру.
-
-
«Материалды жүктеу» кезеңі:
-
мақала компонентін таңдау (антиплагиат тексеруіне арналған мақала) және Word форматындағы файлды жүктеу;
-
мақала компонентін таңдау (рецензиялауға арналған мақала), автордың (авторлардың) аты-жөні мен аффилиациясы көрсетілмеген Word форматындағы файлды жүктеу және жұмысты жалғастыру;
-
тақырыпты редакциялау (қажет болған жағдайда) және жұмысты жалғастыру;
-
басқа файлды қосу немесе жүктеуді аяқтау, содан кейін материалды сақтап, жұмысты жалғастыру.
-
-
«Метадеректерді енгізу» кезеңі:
-
мақаланың тақырыбын үш тілде толтыру;
-
аңдатпаларды үш тілде толтыру;
-
«Қатысушыны қосу» опциясы арқылы бірлескен авторларды қосу (бар болған жағдайда): аты-жөні, байланыс деректері, елі, автор рөлі, байланыс тұлғасы және т.б.;
-
түйін сөздерді үш тілде енгізу, материалды сақтап, жұмысты жалғастыру.
-
-
«Растау» кезеңі:
-
материалды жіберуді аяқтап, растау немесе жіберуден бас тартып, алдыңғы кезеңдерге оралып, оларды редакциялау.
-
-
«Материалды жіберу аяқталды» кезеңі:
-
электрондық пошта арқылы хабарлама алу, жіберілген материалды қарау, жаңа материал жасау немесе жеке кабинетке оралу.
-
Сіздің мақалаңыз бойынша редакциялық алқаның барлық әрекеттері туралы авторларға хабарламалар жіберіледі. Сондай-ақ авторлар жеке кабинетте мақаланың қаралу кезеңдерін қадағалап, жұмыс процесіне қатысушылармен хат алмаса алады.
Редакциялық алқаның ұсынымдарын уақтылы орындау, белгіленген талаптар мен мерзімдерді сақтау қажет.