PDF

Кілтті сөздер

басқару шешімі
басқару есебі
менеджмент
экономика
ақпарат
ықтималдылық
мүмкіндік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мусипова, Л., & Құтжан, І. (2023). КОМПАНИЯДАҒЫ ҚАБЫЛДАНАТЫН БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 59(2), 6–10. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-6-10

Аңдатпа

Қазіргі уақытта басқарудың негізгі функцияларының бірі шешім қабылдау болып табылады. Шешім қабылдау кезінде сіз мүмкіндігінше көп ақпаратқа сенуіңіз керек. Әдетте мәселені шешуді тиімді процедураларды қолдану арқылы басқару оңайырақ. Бірақ әрдайым жанама әсерлер мен белгісіздік бар, сондықтан басқару шешімдері әрдайым мінсіз бола бермейді және орындалғаннан кейін бұл шешім бақылауға алынуы керек. Шешім мәселе туындаған жағдайда қабылданады. Басқару шешімін қабылдауға жүйелі тұрғыдан қараудың, пайда болған мәселелерді шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы қажет, сөйтіп бірыңғай өңдірістік міңдеттерді кезең – кезеңімен орындауды қамтамасыз етеді.

Шешім қабылдау басқару үрдісінің ең маңызды бөлігі. Басшының кез – келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, оны жүзеге асыра білуіне, оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өңдірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Аталған мәселелерді шешудегі мақсатымыз компаниядағы басқару шешімдерінің сапасы мен тиімділігіне әсер ететін факторларды қарастыру болып табылады. Осы орайда мақалада бақылау,  жалпылау,  талдау,  жүйелеу,  деректерді  өңдеу сияқты бірқатар әдістер қарастырылады. Шарықтау шегінде, яғни қорытындысында басқарушылық шешімдердің қабылдану барысына әсер етуші мәселелердің әдістерінің мәнін, оларды қабылдау үрдісі мен рәсімдерін,  сонымен қатар ұйымдардағы шешімдерді қабылдаудағы басқарушылық есептің тікелей рөлін ашып көрсетеді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-6-10
PDF