PDF (En)

Кілтті сөздер

жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік басқару
ауылдық округ
әкім
кеңес
мәслихат
ауыл тұрғындары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Пупышева T., & Жетпісбаева M. (2023). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ХАЛҚЫН ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 59(2), 62–70. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-62-70

Аңдатпа

Қазіргі дамыған елдерде билікті орталықсыздандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасында да жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуметтік институт ретінде қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл процеске азаматтарды тарту жергілікті деңгейдегі мәселелерді азаматтардың өздерінің мүдделеріне сәйкес жақсырақ шешуге ықпал етеді. Мақалада ауыл тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу қажеттілігі негізделеді. Ауылдық округ тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негізгі нысандары сипатталған. Авторлар Қарағанды облысының ауылдық жерлерінде жүргізілген социологиялық сауалнама деректеріне сүйене отырып, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтық белсенділік деңгейін сараптады. Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл тұрғындарын жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу мәселелері бойынша осы уақытқа дейін қол жеткізілген негізгі нәтижелер айқындалды. Бұл бағыттағы негізгі мәселелер анықталды. Оларды шешудің келешегі көрсетілген.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-62-70
PDF (En)