Аңдатпа
Мемлекеттік аудиттің арқасында өзекті мәселелер бойынша тексерулер жүргізіліп, қателіктер, бұзушылықтар және олардың алдын-алудың мүмкін жолдары анықталды. Ал бұзушылықтарды анықтау, оларды жою бойынша кеңес беру - әрбір елдің ЖАО міндеттерінің бірі. Сондықтан осы мақалада шет елдердің озық тәжірибесін одан әрі зерде-леу қажеттігі негізделіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын біріктіретін бас ұйым- INTOSAI-ға мүше мемлекеттердің ЖАО-ның тәжірибесі талданды. Атап айтқанда, Австралия, Ресей, Украина сияқты елдерде
келісілген аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі зерттелді. Зерттеулер нәтижесінде Австралия, Ресей, Украина сияқты елдер-де келісілген аудиттің үш түрі пайдаланы-латыны анықталды: қатар, бірлескен және үйлестірілген. Авторлар отандық құқықтық актілерді талдау негізінде Қазақстан Респу-бликасында келісілген аудиттің екі түрі, атап
айтқанда қатар және бірлескен түрі пай-даланылатынын анықтады. Шет елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің тәжірибесіне үйлестірілген аудитті енгізу ұсынылды.