PDF (En)

Кілтті сөздер

азық-түлік қауіпсіздігі
азық-түлік өнімдерін тұтыну
қайта өңдеу
отандық өнімдер
экспорт және импорт

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Конырбеков, М., Есимхан G., & Альфонс A. (2023). АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 58(1), 80–87. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-80-87

Аңдатпа

Азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі халықтың өмір сүру сапасының негізгі факторлары болып табылады. Зерттеудің мақсаты ағымдағы өзекті мәселелерді шешуді ескере отырып, Қазақстанның азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Мақсаттарға жету үшін авторлар статистикалық, сараптамалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолданды. Алынған нәтижелерге жүйелік және конструктивті тәсілдерді қолдану арқылы қол жеткізілді. Сондай-ақ, 2016-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруіне талдау жүргізілді, жан басына шаққандағы өнім өндіру көлемі мен жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін тұтыну нормасы арасындағы арақатынас зерттелді. Қорытындылай келе, авторлар өңірлердің мамандану деңгейін ескере отырып, мемлекеттің қолдауымен қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін нығайту негізінде халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерімен жеткілікті қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берді. Авторлардың ұсынымдары ішкі нарықтағы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмен үлесі, елдің экспорттық әлеуетінің төмендеуі, ауыл бюджеттері үшін тұрақты табыс көздерінің болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату тетігінің тиімсіздігі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда инновациялық технологияларды енгізудің төмен үлесі сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп болжануда.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-80-87
PDF (En)