Аңдатпа
Мақалада агроөнеркәсіптік кешенде бюд-жет қаражатын пайдаланудың тиімділігі көп жағдайда тиімділік аудитінің ұтымды жүйесімен анықталатыны, бұл мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы шешімдерді қабылдау сапасына айтарлықтай әсер ететіні атап өтілген. Тиімділік аудитін жүргізу тәжірибесі негізінде мемлекеттік орган-дар мен бюджет қаражатын алушылардың жұмысының тиімділігін, сондай-ақ олардың жауапкершілігі мен жұмысының ашықтығын арттыруға ықпал ететін негізгі бағыттар анықталды. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік аудит жетілдіру сатысында және оның дамуының перспективалық бағыттарының бірі тиімділік аудитінің тетіктерін әзірлеу және енгізу болуы тиіс. Әлемдік тәжірибе тиімділік аудитін қолданудың мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы атқарушы билік органдарының шешімдерді қабылдау және орындау сапа-сына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.