PDF (En)

Кілтті сөздер

тұрмыс сапа
басқарудың тиімділігі
ақпараттық деректер тақтасы
композиттік әл-ауқат индексі
субъективті әл-ауқат индексі
мемлекеттік институттар
халықтың сенім деңгейі

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Будешов Y., & Рахметова A. (2023). ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ (ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ). «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 58(1), 94–104. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-94-104

Аңдатпа

Тұрмыс сапасы әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару категориясы болып табылады. Басқарудың тиімділігі қызметті бағалаудың қажетті критерийлерін бөлумен және одан әрі өлшеу тәртібімен байланысты. Қол жеткізілетін нәтиже критерийлерді таңдаудың оңтайлылығына және одан арғы өлшеуге тәуелді. Осыған байланысты мақалада тұрмыс сапасын өлшеудің негізгі тәсілдемелері қарастырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Сондай-ақ, зерттеуде әл-ауқат деңгейі біршама жоғары елдердегі тұрмыс сапасын объективті, субъективті және интегралды қабылдау негізінде құрылған азаматтардың әл-ауқатын бағалау критерийлері көрсетілген. Халықтың тұрмыс сапасы құрылымын анықтауға қатысты өткізілген теориялық тәсілдемелерді жүйелеудің негізінде халықаралық тәжірибеде ең жиі кездесетін және минималды қажетті деп танылатын тұрмыс сапасының (құрылымдық бөлімдері) аспектілері айқындалды. Ұсынылған құрылымға сәйкес, қорытындылай келе қоғамның өз тұрмыс сапасын жақсартуы бойынша шешімдер қабылдау үдерісіне әсерін күшейтуді және азаматтар әл-ауқатының өзгеруін дұрыс анықтайтын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Бұл ұсыныс бүгінгі таңдағы Қазақстан халқының өз тұрмыс сапасына деген қанағаттану дәрежесінің жоғары еместігін ескереді, оның себебі халық табысының біркелкі бөлінбеуі; тұрғын үймен қамсыздандыру және несиелік жүктеме; тіршілікті қамтамасыз етудің стратегиялық объектілерінің жай-күйі, оның ішінде жылумен жабдықтау саласында (жылу электр орталықтары) және жалпыға ортақ пайдаланылатын (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар) автомобиль жолдары; республикалық маңызы бар өңірлер мен қалалардағы экологиялық ахуал; сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық институттарға деген сенім деңгейіне теріс әсер ететін тұрмыс сапасының басқа да аспектілерімен байланысты бірқатар жүйелік мәселелерге қатысты болып табылады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-94-104
PDF (En)