Аңдатпа
Қазақстан - қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар мемлекет, ол тұрақты даму жөніндегі жаһандық стандарттар мен ESG-бастамаларын енгізудің ықпалымен банк секторының белсенді трансформация кезеңінде тұр. Реттеуші органдар, инвесторлар және қоғам тарапынан талаптардың күшеюі жағдайында ел банктері ESG қағидаттарын корпоративтік басқару стратегиялары мен операциялық қызметке интеграциялауға ұмтылуда, бұл ашықтықтың, жауапкершіліктің және қаржылық тұрақтылықтың жаңа тетіктерін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты - Halyk Bank, Bank CenterCredit, Kaspi Bank және ForteBank қызметі мысалында елдің банк секторында ESG-стандарттарын енгізудің аудитін жүргізу және тиімділігін бағалау. Мақалада ESG-практикаларды салыстырмалы талдаудың нәтижелері ұсынылып, негізгі жетістіктер мен проблемалар анықталған, сондай-ақ банк саласына ESG-ті интеграциялау бойынша шетелдік тәжірибе, соның ішінде Еуропа мен Азия елдерінің тәжірибелері қарастырылған. Бұл табысты тәсілдерді ұлттық жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді. Әдіснамалық негіз ретінде соңғы бес жылдағы жүйелік талдау әдістері, ғылыми жарияланымдарды салыстырмалы зерттеу, банктердің ресми есептері және халықаралық ESG стандарттары (GRI, TCFD, SASB) пайдаланылды. ESG-процестердің аудитіне, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық бастамалардың қаржылық тиімділікке әсерін бағалауға, сондай-ақ банктердің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру құралдарына ерекше назар аударылды. Талдау нәтижелері негізінде банктер мен реттеуші органдар үшін ESG-саясатты жетілдіруге, корпоративтік жауапкершілікті күшейтуге және клиенттер мен инвесторлар тарапынан сенімді арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді. Қазақстанның банк жүйесінің тұрақты дамуы, бәсекеге қабілеттілігін нығайту және ұлттық қаржы институттарын жаһандық стандарттарға интеграциялау үшін ESG-тің стратегиялық маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.
