PDF

Кілтті сөздер

мемлекеттік аудит, жасанды интеллект, үлкен деректер, деректер аналитикасы, тәуекелге бағдарланған аудит, киберқауіпсіздік.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Bashu, Z., Кошербаева , А., Жаныбаева , З., & Бокаев , Б. (2026). Жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекеттік аудитте жасанды интеллектті енгізудің мәселелері мен перспективалары. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 70(1), 187–196. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-187-196

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік аудит жүйесін цифрлық трансформациялау жағдайында жасанды интеллект технологияларын енгізудің теориялық-әдіснамалық негіздері мен практикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыру, тәуекелдерді ерте анықтау, деректерді жедел өңдеу және стратегиялық шешім қабылдауды қолдау үшін жасанды интеллект құралдарын қолданудың маңыздылығын негіздейді. Автор мемлекеттік аудитте машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау, автоматтандырылған мониторинг және болжамдық аналитика әдістерін пайдаланудың негізгі бағыттарын жүйелейді. Сонымен қатар, жасанды интеллектті енгізу барысында туындайтын институционалдық, құқықтық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талданып, оларды шешу жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік аудиттің тиімділігін, ашықтығын және нәтижеге бағдарланғандығын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақала қорытындысында мемлекеттік аудитті интеллектуалдандыру мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартудың және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы екендігі тұжырымдалады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-187-196
PDF