PDF

Кілтті сөздер

Бухгалтерлік есеп, есептілік, шоттар, мемлекеттік орган, баланс.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

abuov, murat, & Дуламбаева , Р. Т. (2026). Бухгалтерлік есеп пен есептіліктің нормативтік қамтамасыз етілу сапасын талдау және сараптау негізінде арттыру. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 70(1), 156–167. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-156-167

Аңдатпа

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің сапасын арттыру басшылар мен жауапты тұлғаларға сапалы басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, заңнамалық қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Бухгалтерлік есеп пен есептілік - бюджет процесінің маңызды кезеңі болып табылады, осы кезеңде мекеменің қаржылық жағдайы, ақша қаражаттарының қалдықтары, кірістер мен шығыстар айқындалады, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу және салыстыру жүргізіледі, дебиторлық және кредиторлық берешек талданады, қаржылық нәтиже қалыптастырылады.

Зерттеу мақсатына жету үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу әдісі қолданылды, сондай-ақ осы салада 15 жылдан астам еңбек өтілі бар 12 маманмен нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында алдын ала анықталған проблемалар бойынша сараптамалық сұхбаттар жүргізілді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 18 619 мемлекеттік мекеме тіркелген. Осыған байланысты зерттеу тақырыбы бюджет процесінің көптеген субъектілерін қамтиды. Зерттеу нәтижесінде 4 нормативтік құжатта 13 құқықтық олқылық анықталып, есеп пен есептіліктің сапасын арттыру және бюджет процесін тиімді басқару үшін ұсынымдар берілді.

Алынған нәтижелер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті одан әрі жетілдіруде және мемлекеттік секторда қаржылық тәртіпті нығайтуда пайдаланылуы мүмкін.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-156-167
PDF