PDF

Кілтті сөздер

Жамбыл облысы, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, су тапшылығы, тұрақты басқару, ирригация, су үнемдеу.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Амалбекова, Г., Нұрғабылов, М., & Молдабекова , А. (2026). Жамбыл облысы ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын тұрақты басқару: өзекті мәселелері мен даму бағыттары. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 70(1), 17–28. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-17-28

Аңдатпа

Су ресурстарының тапшылығы мен ирригациялық инфрақұрылымның тозуы жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді әрі тұрақты басқару мәселесі айрықша өзектілікке ие. Зерттеудің мақсаты – Жамбыл облысы ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың қазіргі жай-күйін кешенді бағалау, негізгі құрылымдық проблемаларды айқындау және оларды ұзақ мерзімді негізде шешуге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістемесі жүйелік және салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық әдістер, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, сондай-ақ суармалы егіншілікпен айналысатын фермерлермен жүргізілген интервью нәтижелерін өңдеу тәсілдеріне негізделді. Зерттеу нәтижелері Шу-Талас су шаруашылығы бассейнінде су тұтыну көлемі қолжетімді жаңартылатын су ресурстарымен салыстырғанда теңгерімсіз сипатта қалыптасқанын және Жамбыл облысында ирригациялық инфрақұрылымның тозуы мен су үнемдеу технологияларының жеткіліксіз енгізілуі су тапшылығы тәуекелін күшейтіп отырғанын көрсетті. Сонымен қатар, су тұтынуды есепке алу жүйесінің дамымауы мен институционалдық қолдаудың шектеулілігі ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жүйелік кедергілер қалыптастыратыны анықталды. Мемлекеттік 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында көзделген іс-шаралар өңірде су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға нақты институционалдық және экономикалық алғышарттар қалыптастыратыны негізделді.      

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-17-28
PDF