Аңдатпа
Аңдатпа. Бұл зерттеу жұмысы цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бухгалтерлік аутсорсингтің даму перспективалары мен оның тиімділігін арттыру жолдарын қарастырады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында есеп жүргізу үдерістерін заманауи технологиялармен біріктіре отырып ұйымдастыру маңызды болып отыр. Сондықтан бухгалтерлік аутсорсинг шығындарды оңтайландыру, мамандардың кәсіби қолдауын қамтамасыз ету және шаруашылық қызметінің ашықтығын арттыру құралы ретінде зерттеледі. Жұмыста бухгалтерлік қызметті сырттан алу тәжірибесінің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін артықшылықтары мен шектеулері анықталып, цифрлық платформаларды пайдалану арқылы тиімділікті арттыру тетіктері талданады. Сонымен қатар, кадрлық, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерге назар аударылады. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басқару жүйесін жетілдіруге, цифрландыруға негізделген бухгалтерлік қызметтің сапасын көтеруге және аутсорсингті қолдану тәжірибесін кеңейтуге бағытталған. Зерттеуде келесі әдістер қолданылды: ақпараттық-логикалық, талдау және синтез, жүйелеу, экономикалық модельдеу және мониторинг. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы процестерін анықтайтын қиындықтар, объективті факторлар және үрдістер талданды.
Түйін сөздер: бухгалтерлік аутсорсинг, цифрландыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, тиімділік, шығындарды оңтайландыру, цифрлық платформа, басқару жүйесі, кәсіби қолдау, ұйымдастыру