PDF

Кілтті сөздер

әлеуметтік кәсіпкерлік, тұрақты даму, халықаралық тәжірибелер, институционалдық механизмдер, кейс-стади, салыстырмалы талдау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Zakirova, M. (2026). Әлеуметтік кәсіпкерлік тұрақты дамудың факторы ретінде: үздік халықаралық тәжірибелерді талдау. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 70(1), 168–177. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-168-177

Аңдатпа

Бұл зерттеу әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибелерді талдауға арналған. Жұмыста сапалық салыстырмалы талдау, кейс-стади, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық есептерге негізделген контент-анализ әдістері қолданылды.

Зерттеу барысында Еуропа, Солтүстік Америка және Азиядағы кейстерді талдау арқылы әлеуметтік кәсіпкерліктің табысты қызметін қамтамасыз ететін негізгі факторлар анықталды. Алынған нәтижелер әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақтылығы институционалдық қолдау, гибридті қаржылық модельдер, технологиялық бейімделу және жергілікті қауымдастықтарды белсенді тарту сияқты тетіктердің үйлесіміне байланысты екендігін көрсетті.

Италиядағы әлеуметтік кооперативтердің және Ұлыбританиядағы Community Interest Companies моделінің заңнамалық бекітілуі, АҚШ-тағы әлеуметтік бағыттағы стартаптардың венчурлық қаржыландыруы, ал Үндістандағы әлеуметтік франчайзингтердің қызмет процесінің стандартталуы әлеуметтік кәсіпкерлікті масштабтаудың тиімді әдістері ретінде көрсетілді.

Түйін сөздер: әлеуметтік кәсіпкерлік, тұрақты даму, халықаралық тәжірибелер, институционалдық механизмдер, кейс-стади, салыстырмалы талдау.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2026-70-1-168-177
PDF