PDF (Ру)

Кілтті сөздер

сараптамалық-талдамалық іс-шара
бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі
жарғылық капиталды толықтыру
квазимемлекеттік сектор субъектілері
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Лебо, Е. (2023). КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ТОЛЫҚТЫРУҒА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ (АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА). «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 58(1), 26–35. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-26-35

Аңдатпа

Кез-келген елде мемлекеттік инвестициялар әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етудің маңызды тетігі болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар тәсілдерінің бірі заңды тұлғалардың жарғылық капиталын бюджет қаражаты мен мемлекет активтері есебінен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту болып табылады.

            Мақалада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген «Астана қаласының квазимемлекеттік секторы субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі» атты сараптамалық-талдау іс-шарасының негізгі қорытындылары талданып, оның барысында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сұрауларына Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ұсынған ақпаратқа талдау жүргізілді. Талдау Астана әкімдігінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту саласындағы қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, сондай-ақ 2020, 2021 және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде қаржы-экономикалық негіздемелерде көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу тұрғысынан жүргізілді.

Зерттеу Астана қаласының квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыруға мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігіне әсер ететін проблемалар мен кемшіліктердің бар екендігін көрсетті. Жүргізілген зерттеу негізінде жергілікті атқарушы органдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыру жөніндегі қызметін жақсарту үшін ұсынымдар берілді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-26-35
PDF (Ру)