Аңдатпа
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі маңызды технологиялық өзгерістерді бастан өткізіп, реттелетін банктік инфрақұрылымнан ашық, икемді әрі жедел цифрлық платформаларға бағыт алып жатқанын байқаймыз. Алайда, осы үрдістердің ішіндегі ең ерекшесі – орталықтандырылмаған қаржы (DeFi) жүйесінің отандық экономика ортасына біртіндеп интеграциялануы. Бір жағынан, DeFi архитектурасы қаржылық делдалдардың әсерін азайтып, транзакциялық шығындар көлемін қысқартатын жаңа құралы ретінде ұсынылса; екінші жағынан, Қазақстан үшін қалыпты емес ашық кодтар жүйелерінің құбылмалылығы, реттеудің жетілмеуі және де активтерінің нақты заңдар мен нормативтермен сабақтастығының болмауы қосымша тәуекелдерді әкеледі. Осындай мәселелер тақырыптың терең зерттеулер жүргізуді талап етіп, өзінің өзекті екенін көрсетеді. Зерттелінген жұмыстың мақсаты – елімізде соңғы бес жыл ішінде орталықтандрылмаған қаржы нарығының эволюциясын цифрлық тұрғыда бағалау, оның құбылмалылық пен реттеушілік тосқауылдардың банк жүйесінің орнықтылығына әсерін көпдәрежелі үлгілеу арқылы көрсету.Таңдалған мақсат шеңберінде ғылыми жұмыстың қойылған міндеттері келесілер: - DeFi нарығының қалыптасу мен даму тарихын зерделеу; - орталықтандырылмаған қаржылардың отандық ғалымдардың, экономистердің, қаржыгерлердің контекстінде қарастыру; - Қазақстанда орталықтандырылмаған қаржы (DeFi) нарығының ықпал етуінің негізгі арналарын және қауіптерін кешенді зерттеу; - көпкритерийлі бағалау элементтерін біріктіретін кешенді тәсілдерін қолдану арқылы болжамдар жасау; - орталықтандырылмаған қаржы нарығын одан әрі дамытудың жолдарын ұсыну. Зерттеулі жұмыстың ғылыми жаңалығы болып, Қазақстанда DeFi нарығының даму траекториясының сандық үлгілеу көмегімен бағалауды жүзеге асыру табылады. Яғни, қолданушылардың шектеулі үлесін, хаттамалардың құбылмалылығын, транзакциялардың динамикасы мен реттеу жүйесінің әсерін сабақтастыратын көпдәрежелі талдамалық әдіс қолданылды. Соның ішінде нақты Монте-Карло симуляциясы, стохастикалық үлгілеу, Fuzzi-AHP және тәуекелді бағалаудың қаржылық әдістер көмегімен DeFi және банк жүйесі арасындағы болатын байланыстарды түсінуге мүмкіндік туды. Мақаланың гипотезасы болып, DeFi нарығының Қазақстанның қаржылық жүйесіне енуі, транзакциялық тиімділігін жақсарту және қаржылық инклюзияны кеңейту мүмкіндігі табылады. Бірақ оны реттеудің кемшіліктері мен активтердің құбылмалылығы отандық банк жүйесінің орнықтылығына қосымша қысым түсіреді. Аталған гипотеза нарықтық фактілерге негізделген зерттеуді қажет етеді және оны зерттеу құрылымында өзекті орын алады.
Зерттеудің басты мақсаты — 2020–2025 жылдар аралығында Қазақстандағы децентрализденген қаржының даму үрдісі мен тәуекелдерін жан-жақты талдау және 2030 жылға дейінгі болжамды айқындау болып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде регрессиялық және стохастикалық модельдер, сонымен қатар Монте-Карло симуляциясы, fuzzy-AHP және VaR әдістері пайдаланылды. Бұл модельдер DeFi нарығының тұрақсыздығы мен банк жүйесінің орнықтылығы арасындағы өзара тәуелділікті айқындауға мүмкіндік берді.
Эмпирикалық деректер базасы Statista, Chainalysis, IMF және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі материалдары негізінде қалыптастырылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстандағы DeFi нарығының көлемі 2020 жылы 5 млн АҚШ долларынан 2025 жылы 41,2 млн АҚШ долларына дейін өсіп, орташа жылдық өсім көрсеткіші (CAGR) 9,14 % құраған. Алайда, пайдаланушылардың үлесі 1,47 %-дан аспаған.
Негізгі тәуекелдер қатарына киберқауіптер, токендердің құндық ауытқулары және реттеу құралдарының жеткіліксіздігі жатады.
Зерттеудің қолданбалы мәні — жасанды интеллект негізінде жетілдірілген «песочница» моделін енгізу және DeFi жобаларының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарда көрініс табады.
