Аңдатпа
Берілген зерттеудің мақсаты, сыртқы мемлекеттік аудит пен ұзақ мерзімді экономикалық өсім арасында байланысты аңықтау. Негізгі зерттеу гипотезасы ретінде келесі болжам алға тартылды: соңғы 25 жылда аудит саласында кешенді реформа жүргізетін мемлекеттердің жаң басына шаққандағы Ішкі жалпы өнімі, осындай реформа жүргізбейтін елдермен салыстырғанда қарқынды өсіп келеді. Гипотезаны тексеру үшін қолданылған статистикалық талдау әдістері, аталған өсімнің орташа деңгейде жылына 1%-ға тең екенін көрсетті. Сыртқы мемлекеттік аудиттің экономикалық дамуға қосатын үлесін одан әрі тексеру үшін, біз сандық модельге әр түрлі қосымша ауыспалыларды қосуға тырыстық, нәтиже бірдей: аудит пен өсу арасында нақты статистикалық байланыс бар. Осы зерттеу нәтижелері негізінде, елімізде сыртқы аудит қызметін реттейтін нормативтік құжаттар бойынша бірқатар талдау мен ұсыныстар жасалған. Мәселен, 2025 жылы бекітілген Мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесіне қосымша сандық индикаторларды қосу мүмкіндігі қарастырылған.