Аңдатпа
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі сәтсіздіктерге әкелетін БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша күн тәртібінің (2030-Күн тәртібі) сын-қатерлері ТДМ-ны іске асыруды объективті шолу және бағалау мәселесін маңызды етеді. Бұл мәселені шешу үшін сыртқы мемлекеттік аудит органдары (СМАО) – олардың үкіметтерден тәуелсізді болуына және ұлттық даму бағдарламалары бойынша аудит жүргізу өкілеттігіне қарай – ерекше ретінде қолайлы деп табылады. Алайда, СМАО-ың ТДМ жүзеге асыруды жеңілдету әдістері тек фрагментті түрде және негізінен жоғары аудиторлық институттар жүргізетін ТДМ-мен байланысты аудиттер мысалында зерттелген. Әдебиет пен білімдегі бұл олқылық 2030-Күн тәртібіндегі прогреске қол жеткізбеу тәуекелдерімен ұштасқандықтан, бұл зерттеу СМАО-ың ТДМ қалай үлес қосатынын зерттеуге бағытталған. Зерртеу қазақстандық СМАО-ың мысалында жүргізілді. Кездейсоқ әдіспен іріктелген үш СМАО-ның жалпыға қолжетімді деректері, оның ішінде 2018-2024 жылдарға арналған аудит жоспарлары және 2019-2024 жылдар аралығында парламентшілерге ұсынылған бюджетті атқару жөніндегі қорытындылары, сапалы бағытталған контент-талдау тәсілін қолдана отырып талданды. Бұл зерттеу нәтижелері бойынша СМАО-ның ТДМ-мен байланысты деп белгіленген аудиттері сұранысқа ие деп анықталды. СМАО-ры бюджетті атқару жөніндегі қорытындыларда ТДМ ақпараттандырылған ұлттық мемлекеттік саясаттың олқылықтары мен проблемаларын көрсетеді және ұсынымдар береді. Осылайша, олар ТМД-ның жауапты және жақсырақ жүзеге асырылуына ықпал етеді. Дегенмен, аудиттер мен талдамалық өнімдерді (қолданылатын жерде) ТДМ-мен байланысты деп белгілеу, аудиторлық портфолиоға ТДМ-ны іске асыру аудиттерін қосу, ТДМ-ны іске асыруды кешенді бағалауды бюджетті атқару жөніндегі қорытындыға дәнекерлеу, сондай-ақ аудиторлардың жұмысының әсерін бағалау неғұрлым тиімді орнықты дамуға СМАО-ың тарапынан одан әрі жәрдемдесу үшін қажет.