Аңдатпа
Ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру шеңберінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) қолданыстағы функцияларды сақтай отырып және оларды кейіннен күшейте отырып, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының функциялары берілді [1]. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік аудиттің әдіснамалық негізін қалыптастыратын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі әл-ауқат қорларының басқару тиімділігін оларды пайдалануда шығыстардың нәтижелілігін арттыруға қаржылық бақылау мен аудит жүргізу арқылы қол жеткізуде. Еліміздің экономикалық жүйесінде Ұлттық қордың үлкен орны бар, себебі Ұлттық қор бюджет жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Сондықтан, Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
қажеттілігі өте өзекті болып табылады. Алайда бүгінгі күні елімізде Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану аудитін жүргізудің арнайы әдіснамалық базасы қалыптастырылмаған.
Халықаралық және отандық қолданыстағы заңнамаларды талдау негізінде авторлар Ұлттық қордың пайдалануы бойынша бөлінетін нысаналы трансферттер мен басқа да шығындардың пайдалануына аудит жүргізу бойынша өз тұжырымдарын жасайды. Сондай-ақ, Ұлттық қордың қазіргі жәй-күйін баяндай отырып деректерге анализ жасап, өзгеру себептерін атап өткен.