PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік аудит, парадигма, сыртқы мемлекеттік аудит, ішкі мемлекеттік аудит, ревизиялық комиссиялар, ішкі аудит қызметтері

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нурпеисов Р.Е., & Жаныбаева З.К. (2025). Мемлекеттік аудиттің жаңа парадигмасы: өзектілігі, мәселелері және іске асыру болашағы. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 67(2), 17–30. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-17-30

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы мемлекеттік аудит саласындағы қазіргі сын-қатерлер мен өсіп келе жатқан қоғамдық үміттер жағдайында қажетті реформаларға арналған. Мемлекеттік аудиттің қолданыстағы жүйесіне кешенді талдау жүргізіліп, маңызды жүйелік мәселелер анықталды: бақылаушы органдардың институционалдық бытыраңқылығы, функциялардың қайталануы мен үйлестіру деңгейінің жеткіліксіздігі, бақылау кезінде формалды тәсілдің басым болуы, сондай-ақ цифрлық құралдар мен аналитикалық әдістерді енгізудің шектеулілігі. Кадр мәселесіне ерекше назар аударылды: білікті мамандардың тапшылығы, мемлекеттік аудитор мамандығының беделінің төмендеуі және еңбекақы жағдайларындағы айырмашылықтар. Мақалада Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы мен ревизиялық комиссиялар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және ішкі аудит қызметтері арасындағы үйлесімсіздік пен өзара іс-қимылдың әлсіздігі атап өтіледі, бұл бақылау тиімділігінің төмендеуіне және бірыңғай стандарттарды әзірлеудің қиындауына әкеп соғады. Процестерді біріктіруді, нәтижеге және тәуекелге бағытталған тәсілге көшуді, белсенді цифрлық трансформацияны және кадрлық әлеуетті жетілдіруді көздейтін жаңа парадигманың қажеттігі негізделген. Мемлекеттік аудиттің бірыңғай құрылымының үлгісі ұсынылады, оның мақсаты — бюджеттік қаражатты пайдалану бойынша бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту. Ұсынылған өзгерістерді іске асыру мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүйесін жаңғыртуға және оны үздік халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-17-30
PDF (Ру)