Аңдатпа
Стратегиялық жоспарлау жүйесі мемлекет пен оның барлық құрылымдарының қандай бағытта жүру керектігін белгілейді. Бірнеше жылға жоспарланған стратегиялық жоспар барлық басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады, өйткені ол мемлекеттің болашақ моделін, оның бәсекеге қабілетті нарықта даму перспективаларының жаһандық көрінісін сипаттайды. Сондықтан стратегиялық жобаларды, бағдарламаларды іске асыру мәселесі біздің отандық тәжірибемізде ғана емес, шетелде де өзекті болып табылады.
Белгіленген мақалада ҚР стратегиялық жоспралау жүйесінің өзгерісі зерттелуде. Өзінің өмір сүру кезеңінде мемлекеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарлау жөніндегі өзге де құжаттарды қайта қарау және қабылдау қажеттігін көрсетті. Сондықтан 2021 жылы Мемлекет басшысының шешімімен ұлттық жобалар қабылданды. Ұлттық жобалар - бұл мемлекет дамуының белгілі бір кезеңінде басым маңызы бар және оны шешу үшін нақты белгіленген түпкілікті нәтижені көздейтін, сондай-ақ елеулі ресурстарды талап ететін ұлттық даму мақсаттарын іске асыру құралы болып табылады.
Мақалада ұлттық жобалардың құрылымы, әзірлеу кезеңдері және олардың ерекешеліктері мен мемлекеттік бағдарламалармен саластыру арқылы көрсетілген. Дегенмен ұлттық жобаларды алдын ала бақылау мен талдау кезінде бірқатар кемшіліктері аңықталды.