PDF

Кілтті сөздер

салалық бағдарлама
стратегиялық жоспар
индикаторлар
талдау
өңдеу өнеркәсібі

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Темірғали, Б., & Серикова, М. . (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 57(4), 6–18. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-57-4-6-18

Аңдатпа

Салалық бағдарламалар бюджет жүйесінің барлық деңгейлеріндегі атқарушы билік органдарының қызметінде басқарудың бағдарламалық және мақсатты әдісін іске асырудағы айқындаушы құрал болып табылады. Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік
салалық бағдарламалар мен бағдарламалар жүйесі талданды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық құжаттарындағы мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуді талдау және бағалау жүргізілді. Аталмыш зерттеу нәтижесіне сәйкес дамыған елдердің үкіметтері стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеу
кезінде пайдаланатын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары мен озық тәжірибелері келтірілген.Ұсынылып отырған талдау халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне, мемлекеттік органдардың есептеріне негізделді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларды әзірлеуінің және жүзеге асыруының негізгі проблемалық бағыттары көрініс тауып отыр. Мониторинг жүргізу әдістемесінің болмауы және салалық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстардың жүйелендірілмеуі ағымдағы үрдістер мен проблемалық мәселелерді дер кезінде табуға, шешу жолдарын анықтауға, сондай-ақ жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, зерттеу барысында өңдеу өнеркәсібінің салалық бағдарлама қорытынды нәтижелері көрсетілді. Салалық бағдарлама
құжаттарының сапасы көбінесе болжау және талдау жұмыстарының сапасына, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қолында бар әдістемелік құралдарға байланысты деп қорытындыланады. Мақалада салалық бағдарламаға қатысты өңдеу өнеркәсібінің жетілдіру
мақсатына сәйкес энерготиімділік және энергия аудиті ұғымдары бойынша ұсыныстар көрсетілді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-57-4-6-18
PDF