Аңдатпа
Аңдатпа: Бюджет тапшылығы мемлекеттік қаржыны басқарудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Бюджет тапшылығы бюджет шығыстары бюджет кірістерінен асып кеткен жағдайда пайда болады.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстандағы шикізаттық емес бюджет тапшылығы шамамен 11,0 трлн. теңгені құрайды.
Зерттеудің мақсаты – бюджет тапшылығын азайту үшін балама кіріс көздерін жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
Бұл мақалада қаржылық бұзушылықтардан кейін пайда болған дебиторлық берешек пен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің тапшылығы арасындағы байланыс талданады.
Зерттеу мақсатына жету үшін - айнымалылар арасындағы, атап айтқанда тапшылық пен дебиторлық берешек арасындағы корреляциялық талдау сияқты зерттеу әдісі қолданылды.
Ағымдағы позиция мен қалаған нәтиже арасындағы айырмашылықты анықтау үшін GAP талдауы да жүргізілді. Пирсон коэффициенті сандық деректер арасындағы байланыстың беріктігін анықтау үшін қолданылды.
Зерттеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен аудиторлық ұйымдарының статистикалық деректері пайдаланылды.
Алынған деректер негізінде авторлар анықталған бұзушылықтардан кейін қалыптасқан дебиторлық берешекті өтеу шараларын қолдану арқылы салықтық емес түсімдер бөлігінде бюджет тапшылығын азайту шараларын ұсынды.
