PDF

Кілтті сөздер

климаттық экономика
тұрақты даму
ауыл шаруашылығы қалдықтары
табиғи ресурстар
экология

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Есиркепова, А., Ниязбекова, Р., & Махмуд, Д. (2025). Климаттық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы қалдықтарын басқару. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 69(4), 30–38. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-30-38

Аңдатпа

Мақалада климаттың өзгеруі және өсіп келе жатқан экологиялық жүктеме жағдайында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына қол жеткізу аясында ауыл шаруашылығы қалдықтарын басқару жүйесін дамытудың негізгі мәселелері талданған. Жұмыста қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және экономикалық тиімділікті арттыруға ықпал ететін климаттық экономика мен биомасса энергетикасын қоса алғанда, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізудің негізгі бағыттары қарастырылған. Мақалада сонымен қатар ауылшаруашылық қалдықтарын өндіру және қайта өңдеу статистикасының деректері талданған, бұл қалдықтарды басқару жүйесінің тенденциялары мен мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеудің инновациялық әдістерін енгізуді, мониторингті цифрландыруды және өндірістік үдерістерді оңтайландыруды қоса алғанда, технологиялық жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылған, бұл тұйық өндірістік сатыларды құруға және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді. Авторлар институционалдық тетіктерді, қаржы құралдарын және заманауи технологиялық шешімдерді қамтитын кешенді басқару жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетеді және жаһандық климаттық сын-қатерлер мен ұлттық экономиканың серпінді дамуы жағдайында аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға бағытталған нормативтік база мен инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді оңтайландыру әдістерін ұсынады. Алынған қорытындылар негізінде қайта өңдеу технологияларын жақсартуға, мемлекеттік қолдауды кеңейтуге және аграрлық салада климаттық экономиканы енгізуді ынталандыруға бағытталған ұсынымдар берілген.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-30-38
PDF