PDF (Ру)

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Молдабаева А. К., & Зейнельгабдин А. Б. (2025). Геосаяси өзгерістер жағдайында тілдік ахуалды реттеудің әлеуметтік-экономикалық құралдары: халықаралық тәжірибені зерттеу. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 66(1), 121–128. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-121-128

Аңдатпа

Мақалада Канада, Швейцария, Польша, Литва, Эстония және т.б. көп тілді халқы бар елдер негізінде  геосаяси өзгерістер жағдайында тілдік ахуалды реттеудің әлеуметтік-экономикалық құралдары қарастырылған. Тіл саясатының тиімділігін бағалау үшін озық тәжірибелерді анықтауға және оларды басқа елдерге бейімдеуге мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау және кейстік зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің өзектілігі жаһандану, көші-қон және өзгермелі геосаяси шындық жағдайында тілдік реттеудің тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттілігімен негізделеді. Мақалада тіл саясатының түрлі үлгілері (қос тілділік, көптілділік, ассимиляция) және олардың әлеуметтік интеграцияға, экономикалық ұтқырлық пен ұлттық бірегейлікке әсері қарастырылған.

Салыстырмалы тәсіл көрсетілген елдердегі тіл саясатының қазіргі жағдайын сараптап қана қоймай, сонымен қатар көп тілді халқы бар басқа да елдердегі тілдік қатынастарды реттеуге қатысты ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Негізгі сөздер: тіл саясаты, көптілділік, әлеуметтік-экономикалық құралдар, әлеуметтік интеграция, ұлттық бірегейлік.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-121-128
PDF (Ру)