PDF

Кілтті сөздер

жоғары білім, стратегия, басқару жүйесі, әлеуметтік даму, жоғары білім

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тузубекова М. К., Чемирбаева М. Б., & Макишева Ж.А. (2025). Білім беру ұйымдарын қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 67(2), 187–196. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-187-196

Аңдатпа

Білім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының, халықтың әл-ауқатын арттырудың, ұлттық мүдделерді қамтамасыз етудің, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың стратегиялық ресурсы. Білім экономикасын қалыптастырудың заманауи тенденциясы жағдайында бұл қоғамның «зияткерлік капиталы» негізі болып табылатын «адам» факторының ерекше маңызды рөлін тануға әкелді.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының өзекті мәселелерінің бірі оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру және қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыда аталған постулат «Қазақстан-2030» Стратегиясында және мемлекеттік экономиканы жаңғыртуға бағытталған басқа да мемлекеттік бағдарламаларда бекітілген. Бұл мәселені шешуде білім мен ғылымның рөлі зор. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатына сәйкес білім беру саласы, ең алдымен іргелі білім беру республика экономикасының инновациялық дамуын қолдау жөніндегі мемлекеттік қызметтің негізгі бағытына айналуы тиіс.

Жоғары білім беру жүйесінің даму мәселелерін зерттеу Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде қалыптасып жатқан адам факторы мен оған қойылатын талаптардың рөлін өзгерту тұрғысынан ерекше өзекті болып табылады. Кәсіби кадрларды даярлауға деген көзқарастың өзгеруі әлеуметтік-экономикалық ортаның динамикасымен, экономикалық және әлеуметтік жүйелердің жұмыс істеуінің инновациялық формаларымен анықталады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-187-196
PDF