Аңдатпа
Мақалада авторлар құрылыс саласындағы сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу бойынша шет елдердіңжоғары аудит органдарының үздік тәжірибелерін зерделеді. Атап айтқанда, авторлармен Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай Халық Республикасы,Жапония сияқты елдерде құрылыс саласындағы мемлекеттік сыртқы аудиттің жоғары органдарымен сыртқымемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері қарастырылды. Жүргізілген талдаудың нәтижелерібойынша зерттеліп отырған шет елдердегі жоғары аудит органдарындағы тексерулердің басым бөлігі әлеуметтіксипаттағы жүйелі мәселелерді шешу мәнмәтінінде тұрғын үй құрылысының тиімділігін бағалау саласындажүргізілетіні анықталды. Бұдан бөлек, сыртқы аудиттің жоғары органдарымен аудиторлық іс-шараларды өткізуқұрылымына жүйелі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мақсатында жол инфрақұрылымын салусаласындағы тексеру де енгізілген. Мақалада мемлекеттік органдардың ғимараттарды, құрылыстар мен жолинфрақұрылымы объектілерін салу кезінде мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауға және бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін бағалауға бағытталған аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу әдіснамасына ерекше назар аударылған.