Аңдатпа
Түйіндеме. Мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді басқару экономикалық тұрақтылықтың, қажетті экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын арттырудың, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының маңызы зор, оларды пайдалану тиімділігін тәуелсіз бағалау мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу, яғни, өз кезегінде, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі мен рәсімдерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді, бұл өз кезегінде олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, зерттеудің өзектілігі бюджетті бөлудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалай отырып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік аудиттің тиімділігінде жатыр.
Зерттеудің мақсаты-агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік аудитті жүргізудің әлемдік тәжірибесін зерделеу.
Зерттеу әдістері-зерттеу барысында авторлар синтез, салыстырмалы талдау, салыстыру және жалпылау әдістерін қолданды.
Зерттеу нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге бағытталған қорытындылар жасалды.