PDF (Ру)

Кілтті сөздер

кәсіпкерлік
орта бизнес
орта кәсіпорындар
бәсекеге қабілеттілік
тиімділік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мұқан, Б., Кенес, Д., Батталова, Г., & Мусатаева, А. (2024). ЖАҢА ШЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЗАМАНАУИ КӨШБАСШЫЛАРЫ . «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 65(4), 71–88. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-71-88

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына талдау жасалған. Орта кәсіпкерлік субъектілері шағын кәсіпкерлікпен салыстырғанда жоғары тиімділік пен өнімділікті көрсетеді деген қорытынды жасалып, оның келесідей дәлелі келтірілген: ШОБ-ң ЖҚҚ жалпы көлемінің шамамен 20%-н қамтамасыз етуі, шағын бизнеспен салыстырғанда орта кәсіпорынның 1 қызметкерінің неғұрлым жоғары еңбек өнімділігін көрсетуі, халықты жұмыспен қамтудағы жоғары үлесі, орта бизнес кәсіпорындарында неғұрлым жоғары жалақы, нарықта шағын кәсіпорындармен салыстырғанда жұмыс істеудің ұзақ мерзімділігі (10 жылдан астам) және т.б. 

Мақалада шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау үшін зерттеудің сандық және сапалық әдістері қолданылды, олардың нәтижелері бойынша орта бизнес көрсеткіштері мен елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері арасындағы жоғары өзара байланыс анықталды.

Сондай-ақ, салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың халықаралық тәжірибесі зерделеніп, отандық бизнестің таяз болу себептері анықталды.

Мақалада авторлар өсу әлеуеті жоғары орта компанияларды қолдау мен ынталандырудың кең ауқымды құралдарын ұсынуды көздейтін жағдайлар жасау жөніндегі шараларды негіздеп, ұсынды

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-71-88
PDF (Ру)