PDF (Ру)

Кілтті сөздер

аграрлық саясат; ауыл шаруашылығындағы субсидиялар; азық-түлік қауіпсіздігі; АӨК-ні мемлекеттік қолдау; ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасы; аграрлық реформалар.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ахметаев, Б. (2024). АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ: АҒЫМДАҒЫ ТРЕНДТЕР МЕН БОЛЖАМДАР. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 65(4), 165–174. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-165-174

Аңдатпа

Мақалада аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың тарихи аспектілерден бастап қазіргі заманғы трендтерге дейінгі халықаралық тәжірибесі қарастырылған. Субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламаларын, фискалдық саясатты және ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандырудың басқа да құралдарын пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы ауыл шаруашылығын қолдаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру үшін озық елдердегі агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үздік тәжірибелерін анықтау болды. Әлемдік экономикалық және экологиялық сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін тиімді шешімдерді іздеуге ерекше назар аударылды. Автор жетекші елдердің аграрлық саясатындағы заманауи үрдістерді қарастырады және сауда қатынастарының жаһандануы жағдайында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің даму перспективаларын талдайды. Талдау нәтижесінде әлемдік ауыл шаруашылығын дамытудың ағымдағы трендтері мен проблемалары көрсетілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру географиясын және Қазақстанмен ұқсас климаттық жағдайларды ескере отырып, АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың озық тәжірибесін бағалау үшін Жапония, АҚШ, Нидерланды, Франция, Австралия және Бразилияның ауыл шаруашылығы саясаты зерттелді. Осы елдердің мысалында жаһандық ауқымда аграрлық саясатты одан әрі дамыту болжамдары және әлемдік динамика контекстінде Қазақстанның әлеуетін бағалау ұсынылған.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-165-174
PDF (Ру)