Аңдатпа
Бұл мақалада автор сыртқы мемлекеттік аудит жүйесіндегі тәуекелдерді басқару саласындағы шет елдердің жоғары аудит органдары қызметінің ерекшеліктерін зерттейді. Жаһандану және әлемдегі геоэкономикалық және геосаяси ахуалдыңугығуы жағдайында, ең алдымен, сыртқы мемлекеттік аудит жүйесінің сапасын және тәуекелдерді басқарудың тиісті жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы ұлттық ресурстарды неғұрлым ұтымды жұмсау есебінен ұлттық экономикалық жүйелер деңгейінде мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру қажеттілігі артып келеді. Осыған байланысты автор экономикасы дамыған шет елдердің жоғары аудит органдарының қызметінде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйелерінің жұмыс істеуі саласындағы озық тәжірибені зерттеді. Талдау нәтижелері бойынша белгілі бір елдерге тән тәуекелдерді басқару жүйелерінің ұқсас тенденциялары мен айрықша ерекшеліктері анықталды. Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) стандарттарын, сондай-ақ алынған талдау нәтижелерін есепке алу негізінде автор аудит процесінде тәуекелдерді азайту үшін пайдаланатын тетіктерді қоса алғанда, зерттелетін пәндік саладағы үздік тәжірибелерді сыртқы мемлекеттік аудиттің отандық практикасына бейімдеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.