PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік аудит, жүйе, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы, стратегиялық аудит, мемлекеттік бақылау жүйесі, даму жоспары, ұлттық даму бағдарламалары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жардемова, А., & Тажикенова, С. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ЕНГІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІ . «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 65(4), 50–57. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-50-57

Аңдатпа

Мемлекеттік басқару саласын жаңғыртудың жаһандық үрдісі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің ұлттық ресурстарды тиімді, нәтижелі және үнемді пайдалану бөлігінде трансформациялануына әкелді.

Бүгінде экономикалық әдебиеттер мен әлемдік тәжірибеде «стратегиялық аудит» ұғымы салыстырмалы түрде кең таралды. Стратегиялық аудит негізінен елдің стратегиялық мақсаттарын, бюджет ресурстарын тиімді пайдалануды және ұзақ мерзімді даму жоспарларын бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Қазақстанда стратегиялық аудит тұжырымдамасы заңнамалық деңгейде бекітілмеген. Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарында стратегиялық аудит қаржылық бақылаудың дербес түрі ретінде де ерекшеленбейді. Дегенмен, стратегиялық аудитті INTOSAI елдерінің көпшілігі дербес жүргізетін жағдайлар да кездеседі.

Еліміздегі мемлекеттік басқаруды дамытудың ұлттық мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізу мұқият жоспарлауды, тиімді іске асыру стратегияларын және оларды бағалау мен түзетудің сенімді тетіктерін талап етеді. Бұл мақалада дамудың ұлттық мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізудегі мемлекеттік стратегиялық аудиттің осы процестегі маңызды құрал ретіндегі рөлі қарастырылады.

Осыған байланысты зерттеу стратегиялық аудиттің артықшылықтары мен шектеулерін талдауды, стратегиялық аудитті ұлттық даму мақсаттарымен байланыстырудың маңыздылығын түсінуді және стратегиялық жоспарлаудағы мониторинг пен бағалаудың маңыздылығын анықтай отырып, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің тәжірибесіне енгізу бойынша бірқатар аспектілерді анықтады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-65-4-50-57
PDF (Ру)