PDF (Ру)

Кілтті сөздер

коммуникация арналары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіби коммуникациялар, кедергілер, Қазақстан

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Искиндирова, Ж., Бактиярова, Г., Айжарыков , Н., & Балманова , А. . (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ АРНАЛАРЫ: ТИІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ КЕДЕРГІЛЕРДІ АНЫҚТАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 64(3), 163–170. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-64-3-163-170

Аңдатпа

Бұл мақалада мемлекеттік қызметшілер мен халықтың қарым-қатынасына талдау жасалады.  Сауалнама нәтижелерін талдау негізінде 2062 респондент арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының мемлекеттік қызметшілерінің әртүрлі коммуникация арналарын пайдалану тиімділігіне баға берілді. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің жиі қолданылатын байланыс арналарының ішінде жеке кездесулер, телефон байланысы, электрондық хат алмасу және өтініштерге жазбаша жауаптар ерекшеленетінін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу бетпе-бет кездесулер халық үшін маңызды және басым байланыс арналары екенін көрсетті.

Зерттеу барысында коммуникациядағы кедергілерге азаматтардың мінез-құлық кедергілері (28%), ақпаратты қабылдаудағы кедергілер (25%) және эмоционалды кедергілер (16%) кіретіні анықталды. Бұл деректер ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін коммуникациялық тәжірибені жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін көрсетеді.

Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде орындалды (ЖРН AP14872210).

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-64-3-163-170
PDF (Ру)