Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу кезінде туындайтын және аудит сұрақтарын дайындауға және критерийлер мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеуге байланысты әдістемелік және нормативтік сипаттағы мәселелер қарастырылады. Реттеуші органдардың тиімділік аудитінің тәсілдерін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмысына қарамастан, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу барысында негізгі критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау мен түсіндіруде әлі де болса кейбір қарама-қайшылықтар мен дәлсіздіктер бар. Бұл ретте нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаның жеткіліксіздігі мен анық еместігінен субъективтіліктің аудиторлық тәуекелдер, сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастырудағы қиындықтар және т.б. туындауы мүмкін. Аудитке дайындалу кезінде аудит объектісін бағалаудың мәселелеріне, көрсеткіштеріне және критерийлеріне ерекше назар аудару қажет.
Айқындалған проблемаларды есепке ала отырып, аудиторлық шаралардың осы аспект жағыныңқарама-қайшылықтары мен кемшіліктерін азайту жөнінде ұсыныстар әзірленді.