Аңдатпа
Зерттеу жүргізілген мақаланың өзектілігі - сақтық пен парасаттылық принципі есептік операцияларды пайдаланушылардың мүдделерінің қақтығысына негізделген, ал қазіргі бухгалтердің міндеті объективті болу және мүмкіндігінше барлық мүдделі есеп берушілердің ақпараттық қажеттіліктерін бірдей қанағаттандырумен өзектеледі.
Зерттеудің мақсаты - бухгалтерлік есептің сақтығы мен парасаттылығына әсер ететін басқарушылық меншіктің, институционалдық меншіктің, тәуелсіз директорлар кеңесідың, Левередждің, өтімділіктің, өсу мүмкіндіктерінің және сот тәуекелдерінің рөліне қатысты эмпирикалық мәліметтер алып анализ жасау. Қаржы-экономикалық кеңістікте бухгалтерлік есеп басқарудың маңызды элементі ретінде пысықталады. Бухгалтерлік есеп оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет қаржылық операциялар туралы ашық, айқын және нақты ақпаратқа кепілдік береді. Бухгалтерлік есеп саласында есептік операцияларды есепке алудың әртүрлі тәсілдері бар. Олардың бірі - консервативті тәсіл, ол қаржы-экономикалық кеңістікте бухгалтерлік есептің сақтық пен парасаттылығына негізделген.Осы зерттеуге 2022-2024 жылдары аралығындағы ҚР өндірістік компаниялар барлығы 147 компания қатысты. Зерттеудегі үлгі мақсатты іріктеу әдісімен таңдалды, осылайша соңғы үлгіні 110 талдау бірлігі бар 37 компания алынды.
Мақаланың әдіснамасы - мәліметтер жинақтауда құжаттау әдістерін қолданады. Мұндай зерттеуде пайдаланылатын деректерді талдау әдісі - бұл статистикалық талдау және IBM SPSS Statistics программасы көмегімен бірнеше сызықтық регрессиялық талдау қолданылды.
Зерттеу нәтижелері тәуелсіз аудиторлардың бухгалтерлік есептің сақтығы мен парасаттылығына оң әсер ететінін көрсетеді. Институционалдық меншік бухгалтерлік есептің сақтығы мен парасаттылына теріс әсер етеді, ал басқарушылық меншік, Левередж, өтімділік, өсу мүмкіндіктері және сот процестерінің қаупі бухгалтерлік есептің сақтығы мен парасаттылына әсер етпейді. Осылайша, зерттеу институционалдық меншік пен тәуелсіз директорлар кеңесі бухгалтерлік есептің сақтығы мен парасаттылығына әсері бар екені қорытындыланды.