Аңдатпа
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқарудың есептілігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ Үкіметке стратегиялық мәселелер бойынша ұсыныстар беру үшін жоғары аудит органдары жұмысының маңыздылығы күшейтілуде. Мұндай жағдайларда ұлттық мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін аудит жүргізуге стратегиялық көзқарас ерекше өзектілікке ие болады. Стратегиялық аудиттің ерекшелігі оның ұлттық мақсаттар мен стратегиялық жобаларға қол жеткізуді терең талдау жөніндегі сараптамалық-аналитикалық және консультациялық функциясы болып табылады, ал аудиттің дәстүрлі түрлерінде бақылау-тексеру функциясы көбірек қолданылады. Стратегиялық аудит бүгінде аудиттің басқа түрлерінен түбегейлі айырмашылықтары бар аудит пен бақылаудың ерекше түрі ретінде әрекет етеді. Мақалада негізінен бюджет қаражатын игеру мәселелеріне бағытталған Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау құжаттарының тиімділігі қарастырылған. Стратегиялық жоспарлауды заңнамалық деңгейде реттеу қажеттілігін көрсететін халықаралық тәжірибе зерттелді. Қорытындылай келе, стратегиялық аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдері мен критерийлері анықталды.